Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 01.11.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жамбыл ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлына жүктелсiн.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұсаев |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 234 қаулысына қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 29.05.2018 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ұйымдардың атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота саны (адам) |
1 | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 114 | 3% | 3 |
2 | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Абдірахман Әйтиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 135 | 3% | 4 |
3 | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 150 | 3% | 4 |
4 | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Валерий Чкалов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 194 | 3% | 5 |
5 | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 119 | 3% | 3 |
6 | Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Гродеково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 168 | 3% | 5 |
7 | "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 154 | 3% | 4 |