Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 602 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 қарашада № 5107 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жамбыл ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №234 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3438 болып тіркелген) қаулысы;

      2) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №329 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3862 болып тіркелген) қаулысы.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Е. Кыдыралыулы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады