Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 234 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 маусымда № 3438 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 01.11.2023 № 602 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жамбыл ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлына жүктелсiн.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Мұсаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 234 қаулысына қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 29.05.2018 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымдардың атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота саны (адам)

1

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3%

3

2

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Абдірахман Әйтиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

135

3%

4

3

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "№1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150

3%

4

4

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Валерий Чкалов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

194

3%

5

5

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Абай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119

3%

3

6

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Гродеково орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

168

3%

5

7

"Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

154

3%

4

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады