Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 02.06.2022 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚұжаттыҺ мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жуалы ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Н. Ергебеков |
Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 65 қаулысына қосымша |
Жуалы ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерлеріндегі квоталар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 14.06.2018 № 355 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам) |
1 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№1 мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 213 | 3% | 6 |
2 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 19 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 249 | 3% | 7 |
3 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "М.Ломоносов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 153 | 3% | 5 |
4 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 15 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 105 | 3% | 3 |
5 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Көктөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 85 | 2% | 4 |
6 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 2 Мыңбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 114 | 3% | 3 |
7 | Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "А.С.Пушкин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 112 | 3% | 3 |
8 | "Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 55 | 2% | 1 |
9 | Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі | 139 | 3% | 4 |
10 | "Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының Жуалы аудандық орталық ауруханасы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекттік кәсіпорыны | 350 | 4% | 14 |