Жуалы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігіның 2022 жылғы 2 маусымдағы № 210 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 маусымда № 28426 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жуалы ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3368 тіркелген);

      2) Жуалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 355 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3889 тіркелген).

      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жуалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каржауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады