Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 06.04.2022 № 20-3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2155 болып тіркелген, 2014 жылы 30 сәуірдегі аудандық "Сарысу" газетінің № 45-46 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларындағы:
4 тармақ және 13 тармақтарындағы:
"7" сандары "5" сандарымен ауыстырылсын;
"200" сандары "300" сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Ғ. Несіпбай | С. Бегеев |