Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын ұй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде № 2155 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 15.06.2020 № 75-2 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың "Әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы хатшысы
      С. Бегеев Б. Дондаұлы

  Сарысу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 26-10 шешiмiмен бекiтiлген

Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi қарай - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрі қарай Қазақстан Үкіметімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі) сәйкес әзiрленген.

      2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимараты) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәріздері, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкетуді қамтитын қызметтер;

      қызмет көрсетуді беруші – электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, кәріздерімен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету бойынша қызмет көрсету, абоненттері мен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-үстауға қызмет көрсету-жылу және электр энергиясын жеткізу болып табылады;

      өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;

      уәкiлеттi орган – "Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен Сарысу ауданындағы тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғын жәйдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге көрсетіледі.

      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерін және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 5 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді- - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 05.04.2017 № 14-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жинтық табысын есептеу қағидасына" (Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 болып тіркелген) сәйкес анықталды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 35-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 29.09.2014 № 35-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

      Мүгектерді, магистратураны қоса алғанда, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студентерді, тындаушылар мен курсантарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, он алты жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген, еңбек істеуге қабілеті болса да жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

      9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға: коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.

      10. Отбасының тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-үстауға, коммуналдық қызметтерін және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған түрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шекті ұйғарынды шығындардың үлесі өзгерген кезде уәкілетті орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта санауды жүргізеді.

      11. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.

      12. Тұрғын үй көмегiнің заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

      13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:

      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтердің мөлшерінен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бір айда):

      бірден екі адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;

      үш және одан да көп мүшелі отбасына – 300 киловатт;

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді- - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 05.04.2017 № 14-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      14. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

      15. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады