Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Талас ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Талас аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2300 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 қыркүйектегі № 85 (9515) аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған), "Талас ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Талас аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 429 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2815 болып тіркелген, 2015 жылдың 12 желтоқсандағы № 145 (9695) аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімінің аппарат басшысы У.Б.Алтынкоповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |