Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің 01.06.2017 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және Талас ауданының азаматтық қорғаныс төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 2 хаттамасы негізінде, Талас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы Талас ауданының Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылында, Үшарал ауылдық округі Үшарал ауылында, Берікқара ауылдық округі Турлыбай елді мекенінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |