РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Талас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Талас ауданы әкімінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3425 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 мамырында аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серік Ералыұлы Дадабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |