Ескерту. Күші жойылған - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 29.03.2019 № 44-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шу аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрайымы | Мәслихат хатшысы |
А. Жандабаева | Е. Өмірәлиев |
Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 21-7 шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. Әлеуметтік көмек Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әр бір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалының Шу аудандық бөлімшесі;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін жергілікті атқарушы орган ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Жамбыл облысы әкімдігі бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
8. Бір реттік әлеуметтік көмек атаулы күндер және мерекелі күндерге көрсетіледі.
1) 9 мамырға - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
қаза тапқан (қайтыс болған) соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан астам тылда еңбек еткен адамдарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқада еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде.
2) 15 ақпанға - Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні:
Ауғанстанда әскери міндетін өтеу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 30000 (отыз мың) теңге көлемінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасына 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына 15 000 (он бес мың) теңге көлемінде;
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерге 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.
3) 26 сәуірге - Чернобыль атом электрстанциясындағы апат болған күн:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30 000 (отызмың) теңге көлемінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.
4) 29 тамызға - Семей полигонының жабылған күні:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға 30 000 (отызмың) теңге мөлшерінде.
9. Бір реттік әлеуметтік көмек өтініш бойынша мынадай санаттағы адамдарға (отбасыларға) ұсынылады:
1) Жан басына шаққандағы табысы 10 (он) нан төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек:
әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің туберкулезге қарсы бөлімінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 1-2 санаты бойынша (6-8 ай ) және (8-10 ай) мерзіміне 10 000 (он) мың теңге мөлшерінде көрсетіледі;
туберкулезбен ауыратын адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 21 871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге көлемінде.
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде арнайы комиссияның анықтауымен 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан адамға (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.
2) Бір жолғы әлеуметтік көмек өтініш бойынша:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық–тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы орган келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілген әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды да көрсетеді.
3.Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12.Атаулы күндер мен мерекелі күндеріне әлеуметтік көмекалушылардан өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша, Жамбыл облысы жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе (отбасының) атынан уәкілетті органға немесе Шу қаласы және ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағиданың № 1-қосымшасына сәйкес адамның отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар да және көшірмелер де ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе Шу қаласы және ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағиданың № 2 және № 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе Шу қаласы және ауылдық округ әкіміне жібереді.
Шу қаласы және ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе Шу қаласы және ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағиданың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе Шу қаласы және ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Белгіленген негіздемелердің беруі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жанбасына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Жамбыл облысы Шу ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілген әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
26. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті Жамбыл облысы Шу ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық–әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 21-7 шешіміне қосымша |
Шу аудандық мәслихатының күштері жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 100 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімі;
2. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер еңгізу тіралы" Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 27-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2221 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырдағы № 44 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімі;
3. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер еңгізу тіралы" Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 38-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2623 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 с әуірдегі № 36 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімі;
4. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер еңгізу тіралы" Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3101 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 маусымдағы № 53 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімі;
5. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер еңгізу тіралы" Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 маусымдағы № 12-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3411 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 мамырдағы № 34 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімі.