"Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 маусымда № 3101 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 21-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 21.12.2017 № 21-7 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Шу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 22-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2057 болып тіркелген, 2013 жылдың 18 желтоқсанында №100 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      8 тармақ келесі басылымда жазылсын:

      "8. Жан басына шаққанда орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің он еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар дәрілік заттарға төзімді туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық ем жалғастырушы тұлғаларға 12 372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге төмен күнкөріс деңгейінің он еселік көлемінен аспайтын туберкулездің 1 (6-8 ай) және 2 (8-10 ай) санатында қысқа мерзімде амбулаториялық ем алатын адамдарға 10 000 (он мың) теңге көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы Е. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады