Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 413 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өндіріс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы Емберді Байжан Қанатұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Саулебаев |
Өндіріс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 ақпанындағы №6 "Өндіріс ауылдық округіне карасты Абай ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы ішкі істер
департаментінің Шу аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесі
Басшы Ш. Жапабааев
22 ақпан 2017 жыл
Жамбыл облыстық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
"Шу ауданы бойынша тұтынушылар
құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік
мекемесі
Басшы М. Болотин
22 ақпан 2017 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Шу аудандық
аумақтық инспекциясы мемлекеттік
мекемесі
Басшы С. Таңсықов
22 ақпан 2017 жыл