Өндіріс ауылдық округіне карасты Абай ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 3325 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 413 ұсынысы негізінде, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өндіріс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы Емберді Байжан Қанатұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі А. Саулебаев

      Өндіріс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 22 ақпанындағы №6 "Өндіріс ауылдық округіне карасты Абай ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешіміне келісім парағы
       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жамбыл облысы ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы Ш. Жапабааев
      22 ақпан 2017 жыл
      Жамбыл облыстық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы М. Болотин
      22 ақпан 2017 жыл
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы С. Таңсықов
      22 ақпан 2017 жыл
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады