Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 23.05.2019 № 31/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 2 тармағының 12-6) тармақшасына және "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 446 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 2 қарашада № 14384 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативі бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 20/01 "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 8 мамырда № 3189 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 мамырда, "Индустриальная Караганда" 2015 жылғы 14 мамырдағы № 68-69 (21819-21820) және "Орталық Қазақстан" 2015 жылғы 14 мамырдағы № 78-79 (21964) газеттерінде жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің "Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативін бекіту туралы" қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 32/03 қаулысына қосымша |
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы |
Соңғы өнімді бастапқыға айналдыру субсидия нормативі |
1 | 2 | 3 |
Сүт | Сары май | 12,0 |