Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.03.2020 № 18/03 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" , 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 32/03 "Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне субсидия нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4277 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 маусымдағы электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 17 маусымдағы № 67 (22180) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылғы 17 маусымдағы № 66 (22373) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. "Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы "____" ______________ № _____ қаулысына қосымша |
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Соңғы өнімді бастапқыға айналдыру субсидия нормативі теңге/литр, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 |
Сүт | Сары май | 30,0 |