Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 13 мамырдағы "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10087 болып тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 20/01 қаулысына қосымша |
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі
р/с № | Ауылшаруашылық өнім атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л (теңге/кг) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | сүт | сары май | 17,13 |