Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен."Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облысының мәслихаты, ШЕШТІ:
1. Амбулаториялық емдеу кезінде мамандандырылған емдік өнімдер тегін босатылатын азаматтардың жеке санаттарына қосымша берілсін: "Буллезды эпидермолиз" диагнозымен азаматтарға мамандандырылған емдік өнімдер (рецепт бойынша).
2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Алынып тасталды - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың халықты әлеуметтік-мәдени дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Адекенов).
5. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Таласпеков |
Облыстық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | С. Әдекенов |