Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 18.04.2023 № 34 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 18.04.2023 № 34 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Магзумов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 шешіміне 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.09.2024 № 210 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:
1) "Канакинумаб" дәрілік заты - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында ;
2) "Тоцилизумаб" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;
3) "Адалимумаб" дәрілік заты - "Ревматоидты артрит" диагнозында;
4) "Метилпреднизолон" дәрілік заттары - "Жүйелік склеродерма" диагнозында;
5) "Азатиоприн" дәрілік заты - "Бехчет ауруы" диагнозында;
6) "Белимумаб" дәрілік заты - "Жүйелі қызыл жегі" диагнозында;
7) дәрілік заты - "Блекфан-Даймонд анемиясы" диагнозында;
8) дәрілік зат - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;
9) дәрілік зат- "Эпилепсия" диагнозында;
10) дәрілік зат - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы кезінде;
11) дәрілік зат - "Бехтерев ауруы" диагнозында;
12) дәрілік заты "Мацитентан" - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;
13) дәрілік заты "Кладрибин" - "Шашыраңқы склероз" диагнозында;
14) дәрілік заттары "Секукинумаб", Гуселькумаб - "Псориаз" диагнозында;
15) дәрілік заты "Этеплирсен" - "Мышечная дистрофия Дюшена" диагнозында;
16) дәрілік заты "Секукинумаб" - "Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)" диагнозында;
17) дәрілік заты "Ритуксимаб" - "Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары" диагнозында;
18) дәрілік заты "Омализумаб" - "Бронхиалды астма" диагнозында.
2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар диагнозбен тегін: медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімге 2-қосымша |
Қарағанды облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 184 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2349 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 шілдедегі № 117-118 (21524) "Индустриальная Караганда" және 2013 жылғы 13 шілдедегі № 96 (21429) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 278 "Қосымша мамандандырылған емдік өнімдерді беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2592 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 сәуірде, 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 65 (21586) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 19 сәуірдегі № 73 (21707) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
3. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 314 "Дәрілік затты қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте, 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 168 (21689) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 182 (21816) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 358 "Дәрілік затты қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2871 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қаңтарда, 2014 жылғы 20 желтоқсандағы № 221-222 (21742-21743) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 20 желтоқсандағы № 242-243 (21877) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
5. Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 419 "Дәрілік затты, мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3360 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызда, 2015 жылғы 11 тамыздағы №111-112 (21862-21863) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 11 тамыздағы № 126-127 (22012) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
6. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының № 143 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4068 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 10 қаңтарда, 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 1 (22114) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 1 (22 306) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
7. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 168 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4207 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 20 сәуірде, 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22153) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22 347) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
8. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 200 "Мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық бұйымдарды, дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4295 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған).
9. Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 331 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 25 тамызда, 2018 жылғы 28 тамыздағы № 95 (22354) "Индустриальная Караганда" және 2018 жылғы 28 тамыздағы № 95 (22 547) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
10. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы № 398 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5211 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 15 наурызда, 2019 жылғы 16 наурыздағы № 29 (22433) "Индустриальная Караганда" және 2019 жылғы 16 наурыздағы № 29 (22 625) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
11. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 440 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5427 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 15 тамызда, 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22494) "Индустриальная Караганда" және 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22 686) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
12. Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 553 "Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5929 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 7 шілдеде жарияланған).