Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 553 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 шілдеде № 5929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 25.02.2021 № 34 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімге Қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 248 "Дәрілік затты қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4439 тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінде 2017 жылғы 18 қарашада № 130 (22243) және "Орталық Қазақстан" газетінде 2017 жылғы 18 қарашадағы № 129 (22436), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 қарашада электрондық түрде жарияланған);

      2) Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 289 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4678 тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінде 2018 жылғы 7 сәуірдегі № 38 (22297) және "Орталық Қазақстан" газетінде 2018 жылғы 7 сәуірдегі № 38 (22490), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 сәуірде электрондық түрде жарияланған).

      3. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С. М. Әдекенов).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Председатель сессии А. Калыков
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 2 шілдесі
№ 553
Шешімге қосымша

Қарағанды облыстық мәслихатының өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №143 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4068 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 1 (22114) "Индустриальная Караганда" және 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 1 (22306) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қаңтарда электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: диагнозы бар азаматтарға дәрілік заттар (рецепт бойынша) беріледі:

      "Муковисцидоз" - "Тобрамицин" дәрілік заты;

      "Жүйелі склеродермия" - "Метилпреднизолон" дәрілік заты;

      "Бехчета ауруы" - "Азатиоприн" дәрілік заты;

      "Жүйелі қызыл жегі" - "Белимумаб" дәрілік заты;

      "Аяқ артерияларының облитерациялайтын атеросклерозы" - "Ривароксабан" дәрілік заты;

      "Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (жыпылықтайтын аритмия)" - "Ривароксабан" дәрілік құралы.".

      2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 168 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4207 тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінде 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22153) және "Орталык Қазақстан" газетінде 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 40 (22 347), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 сәуірде электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: диагнозы бар азаматтарға дәрілік заттар (рецепт бойынша) беріледі:

      "Ревматоидты артрит" - "Адалимумаб" дәрілік құралы;

      "Қаптайтын тромбоангиит. Бюргер ауруы" - "Метотрексат", "Метилпреднизолон" дәрілік заттары;

      "Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, гематологиялық аурулар" - "Азацитидин" дәрілік заттары.".

      3. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 200 "Мамандандырылған емдік өнімдер, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік затты қосымша беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4295 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде электрондық түрде жарияланған):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мамандандырылған емдеу өнімдерін, медициналық бұйымдарды, дәрілік заттарды қосымша беру туралы";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар тегін берілетін азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) берілсін.";

      3-тармақ алынып тасталсын.

      4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 тамыздағы № 331 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінде 2018 жылғы 28 тамызда № 95 (22354) жарияланған және "Орталық Қазақстан" газетінде 2018 жылғы 28 тамыздағы № 95 (22 547), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 тамызда электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде мынадай дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):

      "Ювенильді склеродермия" диагнозы бойынша "Иммуноглобулин G".".

      5. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы №398 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5211 болып тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінің 2019 жылғы 16 наурыздағы № 29 (22433) және "Орталық Қазақстан" газетінің 2019 жылғы 16 наурыздағы № 29 (22625) санында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 наурызда электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша берілсін (рецепт бойынша):

      "Инфликсимаб" - "Ойық жаралы колит, Крон ауруы" диагнозы бойынша;

      "Олодатерол гидрохлориді/Тиотропия бромиді моногидрат" - "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" диагнозы бойынша;

      "Канакинумаб" - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы бойынша;

      "Көктамыр ішіне енгізу үшін G Иммуноглобулин (адамдық қалыпты)" - "Аутоиммундық аурулар және иммундық жетіспеушілік жағдайлар" диагнозы бойынша".".

      6. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы №440 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5427 болып тіркелген, "Индустриальная Караганда" газетінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22494) және "Орталық Қазақстан" газетінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 90 (22686) сандарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 тамызда электрондық түрде жарияланған):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Амбулаториялық емдеу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша мынадай дәрілік заттар тегін берілсін (рецепт бойынша):

      "Спецификалық емес жаралы колит, Крон ауруы" - "Ведолизумаб" дәрілік заты;

      "Ювенильді склеродерми" – "Тоцилизумаб" дәрілік заты.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады