Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 11.08.2020 № 50/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/06 "Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3592 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтардағы "Индустриальная Караганда" № 4 (21949), 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 7-8 (22113) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 қаңтарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларынын 3 тарауы, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Қошанов |