Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қантарда № 3592 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 50/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 11.08.2020 № 50/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/07 "Бірқатар функцияларды беру туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 69/06 қаулысымен
бекітілген

Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары

1. Жалпы ереже

      1. Осы Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалды және коммуналдық қызмет көрсету тәртiбiн, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету ақысын белгiлейдi, сондай-ақ Қызмет берушiлер мен Тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      газ тұтыну жүйесі – газ тарату жүйесінен тауарлық газды немесе топтық резервуарлық қондырғыдан сұйытылған мұнай газын қабылдауға, сондай-ақ оларды отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалануға арналған газ құбырлары (желілік бөлік) мен газ жабдығы кешені;

      жалпы үйлер мұқтаждары –кондоминиумда орнатылған жеке есепке алу аспаптары мен басқа да есепке алу аспаптарынан есептелген көлемдер мен жалпы үйлік есепке алу аспаптарының көлемі көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық ретінде айқындалған жалпы үйлік мүлік пен кондоминиумды жалпы қолданатын орындарды күтіп ұстау мен оларды пайдалануға жұмсалатын энергия көлемі;

      коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат етілген электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алу үшін арналған техникалық қондырғы;

      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

      кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;

      қызмет көрсетудi беру режимi - көрсетiлетiн қызметтiң әрбiр тұрпаты үшiн белгiленген мiндеттi нормалар жүйесi;

      сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, берудi және сумен жабдықтау жүйесi арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар жиынтығы;

      су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жербедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

      сұйытылған мұнай газы – жеңіл көмірсутегілердің (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге ауыстырылған, құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін қоспасы;

      тұтынушы – коммуналдық қызметтi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      энергиямен жабдықтау - тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, су жеткiзу (өз бетімен немесе энергияны беруші ұйыммен жасалған шарт бойынша) және сату;

      энергия берушi ұйым – электр немесе жылу энергиясын беру шартының негізінде жүзеге асыратын ұйым;

      энергия желілері – энергияны беру, тарату үшін арналған қондырғылардың жиынтығы;

      энергия – электр және жылу энергиясы энергетика нарығындағы тауар болып табылады.

      3. Көрсетілген қызметтерді есептеу егер ол шартта қарастырылмаса есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.

      Тұтынушыда есепке алу аспаптары болмаған жағдайда көрсетілген қызметтің көлемі уәкілетті органның бекіткен тұтыну нормалары бойынша анықталады.

      4. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау және қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсетумен байланысты осы Қағидаларда жазылмаған мәселелер және қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.

      5. Осы Қағидаларда жазылмаған газбен жабдықтау жөнiндегi коммуналдық қызметтердің көрсетiлуімен байланысты мәселелер жекелеген нормативтiк құқықтық кесімдермен реттеледi

2. Қызмет көрсетудi ұсыну тәртiбi және шарттары

      6. Коммуналдық қызметтерді көрсету Қызмет беруші мен Тұтынушы арасындағы қауымдық шарт не болмаса жеке шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүргізіледі.

      Тұтынушылар, кондоминиумға қатысушылар кондоминиум объектісін басқару органына немесе басқа заңды тұлға не болмаса жеке тұлғаларға жалпы үйлік мұқтаждықтарға берілетін коммуналдық қызметтерді көрсетуге шарт жасасу жөніндегі өз құқықтарын заңнамамен белгіленген тәртіпте табыстауға мүмкін.

      Шарт Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілер мен осы Қағиданың талаптарына қайшы келмеу керек, ал оның мәтіні аумақтық монополияға қарсы органдарымен келісілуі тиіс.

      Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады (егер ол тараптардың келісімімен қарастырылмаса) және осы Қағидалардың 33 және 36 тармақтарында қарастырылған негіздер бойынша өзгертіліп, бұзылуы мүмкін.

      7. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгiленген талаптарға: 

      1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы тәулiктiк ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға; 

      2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөнiндегi электр энергиясының параметрлерiне; 

      3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесiндегi судың есептелген шығынына; 

      4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге; 

      5) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға; 

      6) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс;

      7) газбен жабдықтау бойынша –жыл ішінде тәулік бойы топтық резервуарлық қондырғыға қосылған тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын үздіксіз жеткізу.

      8. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi. 

      9. Қызмет көрсетудi ұсыну режимiнен мүмкiн деген ауытқулар мiндеттi тәртiппен шартта көзделуi тиiс.

3. Тараптардың жауапкершiлiгi

      Ескерту. 3 тарауы алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 28.07.2017 № 48/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртiбi

      19. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.

      20. Берілген коммуналдық қызметтердің есеп айырысу кезеңінің ұзақтығы, мерзімдері, шарттары мен есептесу үлгілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі бойынша Шартта көрсетіледі.

      21. Жұмсалған энергия үшiн есеп айырысу есеп жүргiзу құралдарының көрсеткiшi негiзiнде Қызмет көрсетуді берушінің жазып берген есеп бойынша жүргiзiледi. Есепке алу аспабы немесе ол уақытша жарамсыз болса – тұтынудың бекітілген нормасы бойынша есеп айырысу жолымен жүргізіледі.Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Қызмет көрсетушi арасындағы келiсiм бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.

      22. Төлемнің мерзімі асып кеткен жағдайда Тұтынушы шартпен анықталған айып төлемді төлейді.

      23. Егер Тұтынушы пайдаланған энергияны төлемегені үшін белгіленген тәртіпте ағытылса, онда оны жалғау тек берешекті өтеп, жалғау төлемін төлеген соң жүргізіледі. Қызметтің аталған түрінің тарифі белгіленген тәртіпте аумақтық уәкілетті органмен келісіледі.

      24. Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін шешу және энергия шоттарынан үзінді беруді пәтерлерді аралау кезінде қызметтік куәлігін көрсету тиіс Энергия беруші ұйымның уәкілдері жүргізеді.

      25. Бұзушылықтар анықталған жағдайда, көрсетілген коммуналдық қызметтің көлемін есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      26. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақүйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және тағы басқа үй-жайлардан) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер (жылумен жабдықтау қызметінен басқалар) үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.

      Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерiстер Тұтынушының Қызмет көрсетуді берушіге өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.

      27. Кондоминиум нысандарын басқару органы Қызмет көрсетушімен жалпы үйлік мұқтаждықтарға жұмсалатын коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, тарифке белгіленген тәртіпте бекітілгендер бойынша пайдаланым жауапкершілігі шекарасында орнатылған есепке алу аспаптары бойынша есептелінеді.

      28. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.

      29. Жылумен қамтамасыз еткенi үшiн төлем осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi. Немесе Қызмет көрсетушiмен Тұтынушының арасындағы келісім және жеке Шартты жасаудың шарттары бойынша жыл iшiнде бірқалыпты болады.

      30. Энергияны пайдалану барысында энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы және тұтынушылар арасындағы туындаған барлық даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

5. Тұтынушының құқығы мен мiндеттерi

      31. Тұтынушы:

      1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуға;

      2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекiту тәртiбi туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуға;

      3) егер Қызмет көрсетушi белгiленген тәртiппен есеп ұсынбаса, алған қызметi үшiн төлем жасамауға;

      4) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды және айыппұлды толық өтеудi Қызмет көрсетушiден талап етуге;

      5) шартпен бекiтiлген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауға;

      6) қызмет көрсетуді берушіге талап қоюға және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына) сәйкес келмеген уақыттар кезеңiндегi (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуге;

      7) дер уақытында төлем жүргiзген жағдайда оған қажеттi мөлшерде коммуналдық қызметтерді пайдалануға;

      8) Қызмет керсетушiмен жеке шарт жасасуы мүмкін.

      32. Тұтынушы: 

      1) қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;

      2) аварияларды жою, есептеу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар қызмет көрсетушілердің немесе арнайы кәсіпорындардың өкілдеріне мүмкіндікті қамтамасыз етуге;

      3) белгіленген мерзімде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға дер кезінде ақы төлеуге;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің тұтынушыға берген төлемдік құжаты жоғалған жағдайда, алынған қызмет құнының сомасы тұтынушының жазбаша өтініші негізінде берілген төлемдік құжаты шотының дубликаты бойынша төленеді;

      5) пәтерден, жеке үйден кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін күнге дейін есеп айырысуға міндетті;

      6) қаланың сумен жабдықтау жүйесіне жалғанбаған жағдайда, Қызмет көрсетушімен немесе басқа да жеке меншік тұлғамен (Қызмет көрсетушімен жасалған шарты бар) ағындарды қабылдау және тазарту, қазылған шұңқырлардан ағынды суды шығаруға және оларды Аэрация станциясынан тазарту үшін шарт жасауға;

      7) пәтер ішіндегі желілерді және газбен жабдықтау аспаптарын пайдалану барысында олардың тиісті техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      33. Тұтынушыға:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтар мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің келісімінсіз жылытқыш аспаптардың қосымша секцияларын, реттегіш және ілмекті арматураларды, жылы едендердің қондырғыларын орнатуға, іске қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға, жылу тасығышты жылыту жүйелерінде тікелей белгісі бойынша қолданбауға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу);

      3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға;

      4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу);

      5) жылу маусымы кезінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуден бас тартуға;

      6) жылутұтынушы қондырғылар мен күзгі-қысқы кезең жұмысына тұтынушының жылу желісінің техникалық дайындық актісінсіз энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желісіне қосылуға;

      7) пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтар мен қондырғыларды желілеріне тұтынушы қосылған ұйымның сәулет және қала құрылысы саласында қызмет атқаратын тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің келісімінсіз қайта жабдықтауға;

      8) үй жануарларын суаруға, автокөліктерді және сутоғаны бағаналарындағы тұрмыстық заттарды жууға, оған құбырлар мен шлангілерді жалғауға, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына қайшы келетін басқа да әрекеттер жасауға;

      9) есепке алу аспаптарын орнатпай, жеке шарт жасамастан, суару кестесін Қызмет көрсетушімен келіспей жасыл көшеттерді, гулзарларды, ағаштарды суаруға;

      10) сумен жабдықтау қызметін көрсетуге арналған шартты Көрсетілетін қызметті берушімен жасамай елді мекеннің (Көрсетілетін қызметті берушінің) сумен жабдықтау желісіне өз бетімен қосылуға және суды пайдалануға;

      11) екі қабаттан жоғары қабатты көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.

6. Қызмет көрсетушінің құқығы мен мiндеттерi

      34. Қызмет көрсетушінің:

      1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін дер кезінде және толық көлемде төлем алуға;

      2) энергияның жұмсалуы мен төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;

      3) біржақты тәртіпте Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруға;

      4) Тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасуға құқығы бар.

      35. Қызмет көрсетуші:

      1) Тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар-жоғы туралы ақпарат беріп отыруға;

      2) Тұтынушыға нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына сапасы бойынша тиісті энергия мен қызметтер ұсынуға;

      3) жеткізілген энергияның сапасы мен санынан есеп жүргізу және бақылау жасауға, Шартта белгіленген мерзімдерінде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға;

      4) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;

      5) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы он күннен кешіктірмей хабарлауға;

      6) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен энергия үшін есепті ұсынуға;

      7) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен электр энергиясы төлемдеріне шотты ұсынуға.

      36. Қызмет көрсетушіге:

      1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;

      2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға;

      3) ай сайынғы қызмет көрсету есебін берместен, Тұтынушыдан төлем талап етуіне тыйым салынады.

7. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі

      37. Қызмет көрсетулерді берудің тоқтатылған уақыты, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Қызмет көрсетушінің диспетчерлік қызмет журналында қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс.

      38. Қызмет көрсетілмеген, қызмет көрсету тиісті сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Қызмет көрсетушіге Тұтынушының өзі (арызбен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Қызмет көрсетуші өкілінің болу қажеттігі (егер қызмет көрсетудің нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Қызмет көрсетушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі.

      Тұтынушының өзі келген жағдайда өтініш көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігі тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Қызмет көрсетуші өкілінің қолы қойылады. Қызмет көрсетуші журналдағы қызмет көрсету сапасының өтініште (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтылуына сәйкес қызмет көрсетудің құнына қайта есептеуді орындайды.

      39. Қызмет көрсетуші қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:

      1) қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты;

      2) қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты;

      3) өтініштің берілу уақыты мен тіркеу нөмірі (Қызмет көрсетушінің журналы бойынша);

      4) қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты; 

      5) қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы.

      Актіге Тұтынушы, қызмет көрсетуші ұйымның меншік пәтер (үйлер) кооперативінің уәкілетті мүшесі не тәуелсіз екі куәлер қол қояды және Қызмет көрсетушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы он күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз түсіреді.

      40. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Қызмет көрсетуші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады. Акт Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да, бірақ оны Қызмет көрсетушінің комиссиясы немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиум объектілерін басқару органдары ресімдеген жағдайда, күші бар деп есептелінеді.

      41. Акті негізінде Қызмет көрсетуші есептелінбеген энергияның санын анықтайды және Тұтынушыға қосымша төлем сомасы негізімен сотқа дейінгі талапты жібереді. Тараптардың келісімі бойынша даулардың реттелмеуі жағдайында Қызмет көрсетуші он күндік мерзім ішінде сотқа Тұтынушыдан берілген соманы мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алу туралы талап арыз береді және белгіленген тәртіппен шарттың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

8. Осы Қағидалардың орындалуын бақылау құқығы

      42. Осы Қағидалардың орындалуын бақылауды мемлекеттік бақылау органдары өз құзыры шегінде жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады