Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы "Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" № 69/06 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 48/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 тамызда № 4336 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № 50/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 11.08.2020 № 50/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 69/06 "Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3592 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтардағы "Индустриальная Караганда" № 4 (21949), 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 7-8 (22113) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 19 қаңтарында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларынын 3 тарауы, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 тармақтары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады