Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 15/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 шілдеде № 4320 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ф. Курбанов
      Мәслихат хатшысы В. Свиридов

  Теміртау қалалық мәслихаттың
2017 жылғы "10" шілдедегі
№ 15/5 шешімімен бекітілген

Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Құрмет грамотасы:

      1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, әсекери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;

      2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен Теміртау қаласының дамуына қомақты үлес қосқан:

      1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;

      2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;

      3) азаматтығы жоқ адамадар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.

      5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде қаланың Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.

      6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты "Теміртау қаласы әкімінің апараты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – әкімнің аппараты) шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.

      Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды.

      9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін қала әкімі жанындағы тиісті комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.

      10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын қала әкімі және (немесе) қалалық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Наградтау бойынша материалдар қала әкімінің аппаратында сақталады.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.

      Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 гр., түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.

      Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.

      Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылған "Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.

      Төменгі бөлігінде қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.

      Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.

      Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.

      Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой города Темиртау

Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 10 июля 2017 года № 15/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 24 июля 2017 года № 4320.

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Темиртауский городской маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула – в редакции решения Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемое Положение о награждении Почетной грамотой города Темиртау.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ф. Курбанов
      Секретарь маслихата В. Свиридов

  Утверждено
решением Темиртауского
городского маслихата
от "10" июля 2017 года
№ 15/5

Положение
о награждении Почетной грамотой города Темиртау

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о награждении Почетной грамотой города Темиртау (далее – Почетная грамота) разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Почетная грамота является одной из форм поощрения и стимулирования за:

      1) значительные достижения в экономике, социальной сфере, науке, культуре, образовании, здравоохранении, спорте, в воинской и государственной службе, правоохранительной и общественной деятельности;

      2) осуществление плодотворной деятельности по укреплению дружбы и солидарности между народами и культурных связей.

      3. Почетной грамотой награждаются внесшие значительный вклад в развитие города Темиртау:

      1) граждане, работники учреждений, предприятий и организаций;

      2) коллективы хозяйствующих субъектов независимо от форм собственности, организаций, учреждений, творческих коллективов, достигшие высоких показателей в труде, общественно-политической деятельности;

      3) лица без гражданства и граждане иностранных государств.

      4. Почетной грамотой не могут быть награждены:

      1) лица, имеющие судимость, которая не погашена или не снята в установленном законодательством порядке на момент награждения;

      2) лица, признанные судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными;

      3) лица, признанные судом виновными в совершении коррупционного преступления и (или) коррупционного правонарушения.

      5. Одно и то же лицо (коллектив, организация) не может дважды представляться к награждению Почетной грамотой города в течение пяти лет.

      6. Награждение приурочивается к национальным, государственным, профессиональным и иным праздникам Республики Казахстан.

2. Порядок награждения Почетной грамотой

      7. Представление к награждению Почетной грамотой направляется в государственное учреждение "Аппарат акима города Темиртау" (далее - аппарат акима), не позднее чем за двадцать календарных дней до дня проведения мероприятий учреждениями, организациями, предприятиями, независимо от форм собственности, местными исполнительными и представительными органами, общественными организациями, творческими объединениями, органами местного самоуправления.

      В представлении указываются фамилия, имя, отчество, занимаемая должность или официальное наименование (организаций, коллектива), дается характеристика с изложением конкретных трудовых и творческих заслуг, вклада в развитие города. Представление подписывается первым руководителем.

      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата либо учредительные документы организации, учреждения или творческого коллектива.

      Сноска. Пункт 7 – с изменением, внесенным решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      К представлению прилагается копия удостоверения личности кандидата либо учредительные документы организации, учреждения или творческого коллектива.

      8. Материалы, поступившие от граждан, самостоятельно представляющих свою кандидатуру для награждения Почетной грамотой, не рассматриваются.

      9. Поступившие документы для предварительного рассмотрения и подготовки предложений по награждению направляются в соответствующую комиссию при акиме города (далее – Комиссия).

      10. Решение о награждении Почетной грамотой принимается акимом города и председателем городского маслихата (или лицами, исполняющими их обязанности) согласно положительного заключения Комиссии путем издания совместного распоряжения.

      Сноска. Пункт 10 – в редакции решения Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Вручение Почетной грамоты производится лично награждаемому в торжественной обстановке. Почетную грамоту вручает аким города и (или) председатель городского маслихата либо иное лицо по их поручению.

      Сноска. Пункт 11 – в редакции решения Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Материалы по награждению хранятся в аппарате акима города.

3. Описание Почетной грамоты

      13. Почетная грамота состоит из папки и вкладыша. Папка изготавливается из синего цвета. На лицевой стороне папки изображен Государственный Герб Республики Казахстан размером 7х7 и надпись "Құрмет грамотасы".

      Почетная грамота изготавливается форматом А3, 1 биг, бумага мелованная, матовая 250 гр., печать цветная, золото с двух сторон с изображением государственной символики – Государственного Герба Республики Казахстан.

      На левой стороне внутри вкладыша распологаются: по центру – цветное изображение развевающегося Государственного Флага Республики Казахстан.

      На правой стороне внутри вкладыша распологаются: в верхней части по центру – надпись "Құрмет грамотасы", выполненная золотым тиснением, ниже под надписью текст на государственном и русском языках, который содержит слово: "награждается", фамилию, имя, отчество награждаемого, краткое описание заслуг награждаемого. Текст на государственном языке располагается над текстом на русском языке.

      В нижней части располагается текст для подписи акима города и председателя городского маслихата на государственном языке, подпись заверяется гербовыми печатями, после подписи указывается дата награждения на государственном языке.

      Фамилия, имя, отчество награждаемого указываются в соответствии с документом, удостоверяющим личность.

      Наименование организации, учреждения или творческого коллектива указывается в соответствии с учредительными документами.

      Вкладыш заполняется путем компьютерного набора, шрифтами черного цвета, без наклона с использованием принтера. В случае отсутствия данной возможности вкладыш заполняется рукописно, четким и разборчивым почерком, без помарок чернилами черного цвета.

      Сноска. Пункт 13 – с изменением, внесенным решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 19.09.2023 № 8/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).