Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қоса беріліп отырған Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ф. Курбанов |
Мәслихат хатшысы | В. Свиридов |
Теміртау қалалық мәслихаттың 2017 жылғы "10" шілдедегі № 15/5 шешімімен бекітілген |
Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Құрмет грамотасы:
1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, денсаулық сақтаудағы, спорттағы, әсекери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;
2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен Теміртау қаласының дамуына қомақты үлес қосқан:
1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;
2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;
3) азаматтығы жоқ адамадар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.
4. Құрмет грамотасымен:
1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды.
5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде қаланың Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.
6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.
2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты "Теміртау қаласы әкімінің апараты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – әкімнің аппараты) шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды.
9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін қала әкімі жанындағы тиісті комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.
10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын қала әкімі және (немесе) қалалық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.12. Наградтау бойынша материалдар қала әкімінің аппаратында сақталады.
3. Құрмет грамотасының сипаттамасы
13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.
Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 гр., түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.
Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады.
Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылған "Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады.
Төменгі бөлігінде қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.
Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 8/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.