Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 15/5 "Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 8/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 6485-09 болып тіркелді

      Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 15/5 "Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық атілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4320 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:";

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:

      1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы Теміртау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.";

      7 тармақтың 2 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, қаланың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа бірінші басшы қол қояды.";

      10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.";

      11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын қала әкімі және (немесе) қалалық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.";

      13 тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Төменгі бөлігінде қала әкімінің және қалалық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады