Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 24.07.2019 № 31/03 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес, бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындығын арттыру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Қапашевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Аглиулин |
Балқаш қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 02/01 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстардың тізбесі
Р/с | Атауы |
1 | Жұмыстар: |
1.1 | коммуналдық меншік нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеулер |
1.2 | коммуналдық меншік нысандарын салу және қайта жаңғырту |