Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 02/01 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 ақпандағы №18 (12555) "Балқаш өңірі" және № 12 (1581) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Капашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Балқаш қаласының әкімі | Таурбеков О. |