Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХІV сессиясының № 263 "Қаражал қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2806 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашада № 46 "Қазыналы өңір" газетінде, 2014 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2) Қаражал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы ХXXX сессиясының № 342 "Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХІV сессиясының № 263 "Қаражал қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3348 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 тамызда № 32 (758) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХVІІ сессияның төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы |
З. Оспанова |