Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХІV сессиясының № 263 "Қаражал қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы ХXXX сессиясының № 342 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 3348 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 162 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 06.10.2017 № 162 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХІV сессиясының № 263 "Қаражал қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2806 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашадағы № 46 (718) "Қазыналы өңір" газетінде, 2014 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қаражал қалалық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7–тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

XХXХ сессияның төрағасы

М. Кәрібаев

Қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады