Қаражал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы ХVII сессиясының № 162 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қазанда № 4409 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХІV сессиясының № 263 "Қаражал қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2806 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашада № 46 "Қазыналы өңір" газетінде, 2014 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) Қаражал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы ХXXX сессиясының № 342 "Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 қыркүйектегі XXХІV сессиясының № 263 "Қаражал қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3348 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 тамызда № 32 (758) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХVІІ сессияның төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы
З. Оспанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады