Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" №7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2624 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 мамырда № 20 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2014 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы 29 сессиясының № 12 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2822 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қарашада № 47 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2014 жылы 04 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 маусымдағы 36 сессиясының № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3330 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 шілдеде № 29 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, 2015 жылы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы | Ж. Сериков |
Мәслихат хатшысы | А. Әли |