Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10.10.2017 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2624 болып тіркелген, 2014 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентінде:
мемлекеттік тілдегі 7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. БАЗЫЛОВ |
Мәслихат хатшысының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы | Т. РГЕБАЕВ |