Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 19.01.2021 № 05/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 3%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 14/02 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы |
Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары |
1. | "Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 289 | 4 | 11 |
2. | Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің "№132 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 134 | 3 | 4 |
3. | "Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
173 | 3 | 5 |