Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 14/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 4172 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 05/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 19.01.2021 № 05/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 3%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Омаров

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 27 ақпандағы
№ 14/02 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындары
ның саны
(адам)

1.

"Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

289

4

11

2.

Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің "№132 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

134

3

4

3.

"Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

173
 

3

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады