Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/245 "Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2659 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымда "Қарқаралы" газетінің № 49-50 (11276) санында, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 24 маусымда жарияланған) шешімі;
2) Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № 37/335 "Қарқаралы аудандық мәслихатының XXIХ сессиясының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/245 "Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3228 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 маусымда "Қарқаралы" газетінің № 47-48 (11378) санында, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 маусымда жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
С. Нуркенов |