Қарқаралы аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы XVIII сессиясының № VI-18/158 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қазанда № 4410 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/245 "Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2659 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымда "Қарқаралы" газетінің № 49-50 (11276) санында, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 24 маусымда жарияланған) шешімі;

      2) Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы № 37/335 "Қарқаралы аудандық мәслихатының XXIХ сессиясының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/245 "Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3228 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 маусымда "Қарқаралы" газетінің № 47-48 (11378) санында, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 маусымда жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады