Қарқаралы аудандық мәслихатының XХІX сессиясының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/245 "Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 мамырдағы XХXVІІ сессиясының № 37/335 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 маусымда № 3228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № VI-18/158 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 10.10.2017 № VI-18/158 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының XХІX сессиясының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 29/245 "Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2659 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 49-50 (11276) "Қарқаралы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарқаралы аудандық мәслихатының Регламентінің мемлекеттік тілдегі 7-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".

      2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы:

С. Жекеев

Аудандық мәслихат хатшысы:

С. Нүркенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады