Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы "Қарқаралы" № 7-8 (11234) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
10-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"жергілікті өкілді орган ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";
келесі мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.";
17-1, 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 тармақтары алынып тасталсын;
31 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган "E-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Смагулов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |