Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы ХХV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қарашадағы ХIX сессиясының № VI-19/167 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қарашада № 4453 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы "Қарқаралы" № 7-8 (11234) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      10-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "жергілікті өкілді орган ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      келесі мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.";

      17-1, 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 тармақтары алынып тасталсын;

      31 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган "E-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Смагулов
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады