Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 " Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2017 жылғы 4 қазандағы 15 сессиясының № 159 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 4380 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      17-1, 26-1, 26-3, 26-4 және 31 тармақтары алынып тасталсын;

      26-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндеттерін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15016 болып тіркелген).".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Мұқышева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Нұра ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Е. Жунусов

      "04" қазан 2017 жыл

О внесении изменений в решение 26 сессии Нуринского районного маслихата от 27 марта 2014 года № 242 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Нуринского района"

Решение 15 сессии Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 4 октября 2017 года № 159. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 октября 2017 года № 4380. Утратило силу решением Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 29 марта 2024 года № 82

      Сноска. Утратило силу решением Нуринского районного маслихата Карагандинской области от 29.03.2024 № 82 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение 26 сессии Нуринского районного маслихата от 27 марта 2014 года № 242 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Нуринского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2614, опубликовано в газете "Нұра" от 1 мая 2014 года № 18 (5355), в информационно-правовой системе "Әділет" 5 мая 2014 года), следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Нуринского района, утвержденных указанным решением:

      пункты 17-1, 26-1, 26-3, 26-4 и 31 исключить;

      пункт 26-2 изложить в новой редакции:

      "26-2. Социальный контракт активизации семьи заключается согласно формам, утверждаемым приказом исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 марта 2017 года № 37 "Об утверждении форм документов для участия в проекте "Өрлеу" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15016).".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Б. Мукушева
      Секретарь районного маслихата Т. Оспанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
учреждения "Отдел занятости
и социальных программ Нуринского района"
_________________________ Е. Жунусов

      "4" октябрь 2017 год