Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 01.08.2024 № 107 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Нұра аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра аудандық мәслихатының төрағасы | К. Жунусбеков |
Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 82 шешіміне 1- қосымша |
Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 16), 21) тармақшаларының негізінде, Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Нұра ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Қарағанды облысы Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні;
2) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою күні;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 30 тамыз – Конституция күні;
7) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.
2- тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына бер рет көрсетіледі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні-15 ақпан:
бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындаевых қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерді ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
2) Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою күніне орай – 26 сәуір:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
1992 жылдың қыркүйегі мен 2001 жылдың ақпаны аралығында Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
2003 жылдың тамызы мен 2008 жылдың қазаны аралығында Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
1986 және 1991 жылдар аралығында Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі-КСР Одағын) Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларға – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген, екiншi рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына) – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстегендерге және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
5) 6 шілде – Астана күні:
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
6) 30 тамыз – Конституция күні:
70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге – 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
7) Тәуелсіздік күні-16 желтоқсан:
саяси қуғын-сүргін құрбаны мәртебесі бар 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарға – 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасағының өміріне қол сұғқаны үшін сотталған адамдарды қоспағанда – 400 000 (төрт жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем.
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органың келісімі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.
9. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тұратын зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) Төтенше жағдайлар бөлімінен растайтын құжаттың негізінде дүлей зілзала немесе өрт басталған кезден бастап бір жыл ішінде жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткішке дейін біржолғы төлем;
3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі азаматтарға (отбасыларға):
ауыр материалдық жағдайға байланысты-ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;
жедел емдеуге (операцияға) медициналық мекемеден шығару эпикризінің көшірмесі негізінде ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып - бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
туберкулез, қатерлі ісік ауруларымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға стационарлық емдеу кезеңінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда - 14 (он төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет төленеді;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбайтағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде төленеді;
созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар, хрониодиализдегі адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төленеді;
"Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығының тізбесінде көрсетілген әлеуметтік мәні бар аурулары бар басқа адамдарға әлеуметтік көмек ең төменгі күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып - бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді;
4) Ауғанстандағы жауынгерлік іс - қимылдарға қатысқан әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезінде жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алмағанда - 150 мың теңге мөлшерінде жерлеуге беріледі;
5) мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүру жөніндегі шығындарды өтеуге санаторий-курорттық ұйымда болу уақытына кепілдендірілген соманың 70% мөлшерінде;
6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторий-курорттық емдеуге алып жүру жөніндегі шығындарды өтеуге санаторий-курорттық ұйымда болу уақытына кепілдендірілген соманың 70% мөлшерінде.
10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;
жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;
жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
13. Үлгілік қағидалардың 9-тармағында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
16. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
17. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
18. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
19. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Үлгілік қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
21. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
24. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
25. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 82 шешіміне 2 - қосымша |
Нұра аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдердің тізімі
1. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2614 болып тіркелген).
2. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі 30 сессиясының "Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 325 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2789 болып тіркелген).
3. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы 41 сессиясының "Нұра аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" № 431 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3604 болып тіркелген).
4. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы "Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелген).
5. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының VI сессиясының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі "Нұра аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 52 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3966 болып тіркелген).
6. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2017 жылғы 4 қазандағы 15 сессиясының "Нұра аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 159 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4380 болып тіркелген).
7. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы "Нұра аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 295 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5053 болып тіркелген).
8. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы "Нұра аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданына әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 383 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 болып тіркелген).
9. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы "Нұра аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 242 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 480 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 болып тіркелген).
10. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 қаңтардағы "Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Қарағанды облысы Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 110 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26628 болып тіркелген).
11. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы "Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 242 "Нұра ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454-09 болып тіркелген).