Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Майоровка ауылының әкімінің 16.01.2018 № 1 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Майоровка ауылы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез анықталғанына байланысты, Майоровка ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күніннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің | |
міндеттерін атқарушысы | М. Бастенов |