Майоровка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Майоровка ауылының әкімінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 маусымда № 4282 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Майоровка ауылының әкімінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Майоровка ауылының әкімінің 16.01.2018 № 1 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Майоровка ауылы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез анықталғанына байланысты, Майоровка ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күніннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің
      міндеттерін атқарушысы М. Бастенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады