Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Аманбек Кабиевич Абдикаримовтың 2017 жылдың 5 маусымдағы № 02-28/240 ұсынысы негізінде, Родников ауылдық округінің Қарасу ауылдық аумағында жылқы арасынан ринопневмония ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 09/01 "Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4156 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 10 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Шайжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
2017 жылдың 21 маусымы_