Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 ақпанда № 4156 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 32/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 21.06.2017 № 32/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылқы арасынан ринопневмония ауруының шығуына байланысты, Родников ауылдық округі Қарасу ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Шайжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Осакаров аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
________________А. Абдикаримов
2017 жылдың _______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады