1. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, 2017 жылдың наурыз айына дейін ұйымдастырылсын.
2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
3. Шет ауданы әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтарындағы № 1 "Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы" шешімі жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | М. Жандәулетов |
КЕЛІСІЛДІ:
Шет ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы |
Ш.Сарбаев |
06.02.2017 жыл