Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 4141 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, 2017 жылдың наурыз айына дейін ұйымдастырылсын.
      2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Шет ауданы әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтарындағы № 1 "Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы" шешімі жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Шет ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің
бастығы
Ш.Сарбаев

      06.02.2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады