Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 21.01.2019 № 1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тiркеу ұйымдастырылсын.
2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
3. Приозерск қаласы әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 "2000 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4126 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпандағы № 05/493 "Приозерский вестник" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
5. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қала әкiмi | Қ. Камзин |
"КЕЛIСIЛДI"
Балқаш қаласының қорғаныс істері |
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, |
подполковник |
_________________Н.У. Аманжолов |
2017 жылғы "_____"_____________ |