2000 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 4126 болып тіркелді. Күші жойылды – Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімінің 20.12.2017 № 2 шешімімен (оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi).

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін 2000 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеу ұйымдастырылсын.

      2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босатылсын.

      3. Приозерск қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 1 "1999 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 24 қарашасында № 3515 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 желтоқсанында № 49/434 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.

      5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қала әкiмi Қ. Камзин

      "КЕЛIСIЛДI"

      Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
подполковник
      _________________Н.У. Аманжолов

      2016 жылғы "_____"________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады